Жүгіру жолы
Кіру
AA+
Маңғыстау облысының білім басқармасының Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімінің “Оқушылар шығармашылық үйі” жедел басқару құқығындағы МКҚК
Жүгіру жолы
Маңғыстау облысының білім басқармасының Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімінің “Оқушылар шығармашылық үйі” жедел басқару құқығындағы МКҚК

Оқу жылының басында «Өрлеу» аула клубының педагогтері оқу-тәрбие жоспарларын жасақтап, оқушыларды қабылдап өз жұмыстарын бастады.

2025 жылдың қыркүйек айының 5-і  күні  “Өрлеу” аула клубының оқушылары №17 жбб мектептің кітапханасында “Қазақ тілі- менің ана тілім” тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Оқушылар тіл туралы өлең жолдарын  оқып, “Домбыра” үйірмесінің оқушылары Аманбай Алима Ә.Желдібаевтің “Ерке сылқым” күйін, орындай отырып, үстел үстінде ортекені билете білді. Амангелдива Айнұр Құрманғазының “Адай” күйін және Құсайыновтың “Мереке” күйін орындады.

 2025 жылдың қазан айының 2-і күні  “Өрлеу” аула клубының оқушылары “Ұстазым-менің ұстазым” тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Оқушылар ұстаздар туралы өлең жолдарын оқып, “Бисер” үйірмесінің оқушысы Таубай Аяулым “Ұстаз” әнін орындады. “Домбыра” үйірмесінің оқушысы Абдылқасыл Ақәділ “Адай “ күйін орындай отырып, үстел үстіндегі ортекені билетті.  Тәрбие сағатына мектеп ұстаздары қатысып, алғыстарын білдірді.