Маңғыстау облысының білім басқармасының Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімінің «Оқушылар шығармашылық үйі» жедел басқару құқығындағы МКҚК-ніне қарасты «Өрлеу» аула клубы, №17 жалпы білім беретін мектептің жанынан 2022 жылдың 15 желтоқсаны күні ашылған. Жалпы үйірме саны-5, олар шығармашылық және спорт бағыттары бойынша жұмыс жасайды. Үйірмеге қатысқан оқушы саны -200.
Аула клубтың мақсаты-оқушылардың мектептен тыс өмірін тиімді пайдаланып, баланы жан-жақты дамытып, бейімін жетілдіру болып табылады. «Бұлақ көрсең, көзін аш» демекші, бала бойындағы ашылмай жатқан түрлі өнердің ұшқынын жарқырата көрсету, сол бұлақтың көзін ашу.