Жүгіру жолы
Кіру
AA+
Маңғыстау облысының білім басқармасының Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімінің “Оқушылар шығармашылық үйі” жедел басқару құқығындағы МКҚК
Жүгіру жолы
Маңғыстау облысының білім басқармасының Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімінің “Оқушылар шығармашылық үйі” жедел басқару құқығындағы МКҚК

Мұнайлы өлкенің бақытты балалары: Жаңаөзенде асфальтта сурет салу байқауы өтті!
Жаңаөзен қалалық Оқушылар шығармашылық үйінде 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Асфальттағы сиқырлы суреттер» атты жас суретшілердің шығармашылық сайысы өтті! 
Жаңаөзендік кішкентай дарындарымыз сұр асфальтты түрлі-түсті борлармен бояп, нағыз өнер алаңына айналдырды. Балалар өз қиялындағы бейбітшілікті, туған өлкеге деген махаббатын және жарқын балалық шақты үлкен ықыласпен бейнеледі. Әрбір сурет өзінің ерекшелігімен және ұшқыр қиялымен көрермендерді таңғалдырды!
Шығармашылық мерекенің қорытындысы бойынша:
Барлық қатысушы балақайларға белсенділігі мен өнері үшін арнайы грамоталар табысталды.
Жаздың алғашқы күнінде балаларға ерекше көңіл-күй сыйлаған тәтті балмұздақтар таратылды.
Балалардың жүзіндегі күлкі, көздеріндегі бақыт ұшқыны — Жаңаөзен қаласы Оқушылар шығармашылық үйінің ұжымы үшін ең үлкен мәртебе мен шабыт!
Мереке құтты болсын, Жаңаөзеннің жарқын болашағы! Өнер жолдарың үнемі ашық болсын! ️